Алматыда «Тыныс ал, балақай» жобасының екінші кезеңі аяқталды
АЛМАТЫ. 12 сәуір. ҚазАқпарат /Әйгерім Әмір/ - Бүгін Алматы қаласындағы қалалық перинаталдық орталықтар және №1, №2, №4, №5 перзентханаларының балалар реанимация бөлімшелеріне 38 845 248 теңге көлемінде керекті жабдықтар тапсырылды.
Олар - тыныс алу жабдықтары, реанимация үстелдері, перфузорлар және инфузоматтар. Жоғарыда аталған жабдықтар, әр түрлі ауытқулармен дүниеге келген нәрестелерді күту үшін және де шала туған нәрестелерге арналған.
Бұл шара «Аяла» қайырымдылық қоры аясындағы «Тыныс ал, балақай» жобасының екінші кезеңінің аяқталуы болып табылады.
«Тыныс ал, балақай» жобасы - Қазақстан Республикасындағы перинаталдық орталықтар және перзентханалардың балалар реанимация бөлімшелерін өмірлік маңызы бар жабдықтармен қамтамасыз етуге бағытталған.
«Тыныс ал, балақай» жобасы, Алматы қаласы бойынша шала туған нәрестелердің өмірге бейімделіп кету санын 5%- дан 24%-ға дейін көтеруге әсер етті, - дейді «Аяла» қайырымдылық қорының вице-президенті Жангелді Сәрсенов. Ол, сондай-ақ, аталмыш жоба, қордың ең қымбат жобаларының бірі екенін атап өтті.
Бұл жоба Kaspi bank-тың көрсеткен көмегінің арқасында жүзеге асты. Қазақстан бизнесінің қолбасшылары болмаған жағдайда, қорымыздың жобалары іске аспайтын еді. Kaspi bank, «Тыныс ал, балақай» жобасының бірінші кезеңіне де қатысқан. Ал, Алматы қаласында өткен екінші кезеңі, түгелімен Kaspi bank тарапынан қаржыландырылды. Қорымыздың, Қазақстан Республикасындағы жаңа туған нәрестелерге жоғарғы деңгейде көмек көрсетуге бағытталған барлық жобаларына, Қазақстанның ірі қаржы мекемелері үлкен түсіністікпен қарайтындары бізді шын жүректен қуантады» - деді Ж.Сәрсенов.