Алматыда ТЖД атынан өрт сөндіргіштер сатып жүрген алаяқтар пайда болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда өздерін «қалалық Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент қызметкерлеріміз» деп, өрт сөндіргіш сатып жүргендер пайда болды. Олар мәміле жасаған жерде қолма-қол ақша алып, орнына кіріс ордерін ұсынып, өрт сөндіргіштерді төтенше жағдайлар жөніндегі аудандық бөлімнен алуға болатындығын түсіндіріп, сол мекеменің мекенжайын көрсетіп отырған.

«Таяуда Алматы қаласының төтенше жағдайлар жөніндегі аудандық бөлімдерінің біріне Н. есімді кәсіпкер келді. Ол қазыналық чекті көрсетіп, өрт сөндіргіштер беруді талап етті. Чекте төленген сомаға сәйкес, белгілі бір мөлшерде өрт сөндіргіштерді беру туралы өтінім жазылған екен. Осыған байланысты, Алматы қалалық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті тұрғындардан осындай жалған сатушыларға кезіккен жағдайда тез арада «102» телефоны бойынша құқық қорғау органдарына хабарласуларын сұрайды», - делінген мәлімдемеде.  

Сонымен қатар, Алматы қалалық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті өрт сөндіру қызметтерінің өрт сөндіргіштерді және басқа да өртке қарсы құрылғыларды қайта қуаттаумен немесе оларды сатумен айналыспайтындығын хабарлайды.

 

 

 

Соңғы жаңалықтар