Алматыда уақытша тұрғын жайда болған өртте 61 жастағы әйел мерт болды

ТАНА. 11 қазан. ҚазАқпарат - Алматының Түрксіб ауданында, уақытша тұрғын жайда болған өртте 61 жастағы әйел мерт болды. Бұл туралы ҚР ТЖМ-нан хабарлады.

Алматыда уақытша тұрғын жайда болған өртте 61 жастағы әйел мерт болды

10 қазан күні кешкі сағат 8-де шыққан тілсіз жау ҚР ТЖМ Алматы қаласы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің он адамы мен екі техникасының күшімен 50 минутта ауыздықталды. Жалынның шарпыған жалпы аумағы 40 шаршы метрді құрады.