Алматыда учаскелердің кабинасында перде жоқтығына ешкім шағымданған жоқ - комиссия

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Жанна Асанова мегаполистегі сайлау процесі жайлы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Комиссия төрағасы Жанна Асанова азаматтардың құжатсыз, сенімхатпен дауыс беруге әрекеттенгенін айтып берді.

«Шымкенттен бір отбасы келіп, сенімхат бойынша дауыс беруге ниет білдірді. Біз олай істеуге болмайтынын түсіндірдік. Себебі, белгілі заң нормалары мен тізім жасау тәртібі бар», - деді Жанна Асанова.

Ол сондай-ақ референдум учаскелеріндегі кабиналарда перде неге жоқ екенін түсіндірді.

«Перделердің болатын-болмайтынын және кабина орналастыруды референдум учаскелерінің төрағасы белгілейді. Кабинет – сайлаушыға дауыс беруге мүмкіндік жасайтын шартты орын. Перде, әдетте, психологиялық сипатқа ие. Егер шымылдық сайлаушыға қажет болса, онда ол бар болса, түсірілуі мүмкін. Бастысы - дауыс берудің құпиялылығы қағидасы сақталып, жәшік ашық жерде тұруы керек. Перделердің болмауына қатысты ешқандай шағым болған жоқ», - деді Ж.Асанова.

Айта кетейік, бүгін Алматыда желіде тараған видеодан соң референдум комиссиясының мүшелері жұмыстан шеттетілді.


Соңғы жаңалықтар