Алматыда үдемелі-инновациялық даму жөніндегі үйлестіру кеңесінің мәжілісі өтіп жатыр

АЛМАТЫ. Шілденің 10-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда Қазақстанның үдемелі-инновациялық дамуы жөніндегі үйлестіру кеңесінің  екінші  мәжілісі өтіп жатыр,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол «Нұр Отан» ХДП ХІІ съезінде көтерілген тапсырманы орындау үшін мемлекеттік органдардың, даму институттарының, мемлекеттік холдингтердің және өңірлердің қызметін үйлестіру мақсатында Үкімет  қаулысымен құрылған болатын. Бұл Үкімет жанындағы  консультативтік-кеңестік органды Индустрия және сауда министрлігі басқарады. Министр Әсет Исекешевтің айтуынша, кеңес құрамына мемлекеттік органдар, даму институттары, мемлекеттік холдингтердің өкілдері, салалық біріккен кәсіпкерлер, тәуелсіз сарапшылар, «Нұр Отан» ХДП мүшелері, Парламент депутаттары, бизнес және банк құрылымдарының уәкілдері кіреді.

«Алғашқы отырыста салалық жұмыс топтарының құрамы және олардың бағыттары бекітілді. Экономиканың басты секторын сұрыптау әдістемесі, инвестиялық жобаларды және 7 басым сала бойынша шеберлік жоспарлардың әдістемелері әзірленді. Бұл мәжілісте қаржы секторымен  әрекеттесу  тетіктері, инвесторлармен байланыс жөніндегі жұмыс тобы мүшелерінің құрамы талқыланады»,  дейді Әсет Исекешев.

Соңғы жаңалықтар