Алматыда Үкіметтік емес ұйымдардың алғашқы күнтізбесі жарық көрді

АЛМАТЫ. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда үіметтік емес ұйымдардың 2010 жылға арналған «Он екі: ойлар, жобалар, ҮЕҰ-лар, сүйкімді тұлғалар» деп аталатын алғашқы күнтізбесінің таныстырылымы болды,

Алматыда Үкіметтік емес ұйымдардың алғашқы күнтізбесі жарық көрді

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қабырғаға ілінетін күнтізбеге еліміздің үкіметтік емес ұйымдарының 12 танымал тұлғасы мен көшбасшылары енгізілген. Олардың қатарында «Астана - ҮЕҰ қолдау орталығы», Қазақстан дағдарыстық орталықтарының одақтары, «Таңсәрі» балалар театры және тағы да басқа ұйымдар мен орталықтар бар. Сонымен қатар басылымға ірі қоғамдық ұйымдардың мекен-жайлары мен сайттары енген.

«Бұл үкіметтік емес ұйымдардың алғашқы, тұңғыш күнтізбесі. Еліміздің ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі кезінде бұл өзекті болып табылады», деді Қазақстан Жастар медиа одағының директоры Светлана Галиева. Оның айтуынша, күнтізбе ҮЕҰ-лар жобалары мен мәселелеріне де ерекше назар аудартады.

Алматы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының діни бірлестіктер мен ҮЕҰ-мен жұмыс жүргізу бойынша бөлім бастығы Толқын Сәметованың сөзіне қарағанда, ҮЕҰ-лардың әлеуеті жоғары және бұл бағытта қалалық билік оларға қолдау көрсетуге дайын.

Күнтізбе Қазақстан Жастар медиа одағының бастамашылығымен және «Колесо» идеялар үйінің қолдауымен жарық көрді.