Алматыда үкіметтік емес ұйымдардың VІ қалалық форумы өтеді
Оны "Өрлеу" мәдени-тарихи қоры мен Алматы қаласы әкімшілігі бірлесіп ұйымдастырып отыр. Дәстүрлі түрде жыл сайын өтетін бұл шара кезінде әлеуметтік мәні бар ең өзекті мәселелер көтеріледі. Мемлекет басшысы «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» деп аталатын Жолдауында - мемлекет шеше алмайтын немесе ауырсынатын күрделі әлеуметтік мәселелерді үкіметік емес ұйымдар өз мойнына алулары керек деген еді.
Форумда биыл сөз болатын негізгі тақырыптар мыналар болмақ. "Саяси жүйені демократияландыру және азаматтық қоғам институтын нығайту бойынша мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудың жаңа мүмкіндіктері». Алматы қаласындағы әлеуметтік әріптестіктің тиімді жүйесін жетілдіру: мемлекеттік билік пен ҮЕҰ-дың әлеуметтік әріптестігі». «Мониторигті тәуелсіз бағалау және әлеуметтік тапсырыстың орындалуын бағалау - мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты ары қарай дамыту». «Білім беру - Мемлекеттік бағдарлама». «Денсаулық сақтау - Салауатты өмір салты». «Азиада 2011 - Еріктілер». «Өмір сүру сапасын жақсарту, тұрғындарды жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау». «Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалығы». «Жастар - студент жастардың мәселелері».