14:45, 09 Қаңтар 2010 | GMT +5
Алматыда Украина Президентін таңдау бойынша учаскелік сайлау комиссиялары жұмыс істеп жатыр
АЛМАТЫ. Қаңтардың 9-ы. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда биылғы жылы қаңтар айының 17-сінде өтетін Украина Президентін таңдау бойынша учаскелік сайлау комиссиялары құрылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Украина Бас консулдығы Оңтүстік аймақта - Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында тұрып жатқан, жасы 18-ден асқан өз елдерінің азаматтарын дауыс беруге шақырады. Сайлау 2010 жылдың қаңтар айының 17-сінде сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін, №39-шы сайлау учаскесінде, Украина Бас консулдығы орналасқан ғимаратта өтеді.
Сайлауға дейін учаскелік комиссия сайлаушыларды жұмыс уақыты бойынша сағат 16.00-ден 19.00-ге дейін қабылдайды.