Алматыда үлестік құрылыстың кешеуілдеуіне байланысты тұрғын үйлер көлемі азайды

АЛМАТЫ. Наурыздың 16-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда биыл үлестік құрылыстың кешеуілдеуіне байланысты тұрғын үйлер көлемі азайды.
None
None
Индустрия және сауда министрі Владимир Школьник Премьер-Министрдің Алматыдағы жұмыс сапарының аясында бүгін қалалық әкімдікте өткен алқалы жиында осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Құрылыс ісінде біз әкімдікпен бірге апта сайын әрбір кешенді, әрбір үйдің құрылысы қалай жүріп жатқанын қараймыз. Биыл тұрғын үй көлемі 167 мың шаршы метрді құрады. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда, ол 8,4 пайызға төмен. Бұл ең алдымен үлестік құрылыстың кешеуілдеуіне байланысты туындап отыр», - дейді министр В. Школьник. Оның айтуынша, қазір қалада құрылысшылардың өз күштерімен салынып жатқан нысандардың саны - 25. Қазіргі таңда осылардың бесеуінің құрылысы аяқталуға таяу.
Соңғы жаңалықтар