Алматыда үлкен теннистен Қазақстанның ашық чемпионаты өтеді

АЛМАТЫ. 22 шілде. ҚазАқпарат - Алматыда 23-27 шілде күндері үлкен теннистен "FIDELITY OPEN-2012» деп аталатын Х Қазақстанның ашық чемпионаты өтеді.

Алматыда үлкен теннистен Қазақстанның ашық чемпионаты өтеді

2006 жылдан бері екі жылда бір рет ұйымдастырылып келе жатқан бұл жарыс биыл әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің теннис кортында болады.

Жүлде қоры 500 мың теңгені құрайтын  байрақты бәсекенің  ұйымдастырушысы   - Fidelity фитнес-клубтар желісі. 6-12 жас аралығындағы балғын теннисшілердің 3-дәрежелі бұл додасына  қатысушылар  Қазақстан рейтингін алады. Оған көршілес Өзбекстан мен Қырғызстанның жас теннисшілері де қатысады. Бәсекеге Дмитрий Киреев бастаған қазылар алқасы төрелік жасамақ.