Алматыда ұлтаралық татулық үлгісі талқыланды (ФОТО)

Шара барысында полиэтникалық қоғамдағы тұрақтылық, конфессияаралық бірлік мәселелері тілге тиек етілді.
Сондай-ақ қатысушылар ұлтаралық татулық пен келісімді қалыптастыруда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сіңірген еңбегі мол екендігін атап өтті.
«Біздің осы шараға жиналғандағы мақсатымыз - Қазақстанның татулық үлгісін бүкіл әлемге паш ету. Құрылғанына 20 жыл болған Қазақстан халқы Ассамблеясы қандай жетістіктерге жетті, соны көрсету. Әлемде ұлтаралық дінаралық қақтығыстар орын алып жатыр. Солардың бәрінен дін аман екендігіміз көңілге медеу. Әрине, осы жетістіктердің барлығы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізген саясатының арқасы. Біз тек өз ұлтымыздың салт-дәстүрін, мәдениетін сақтап қана қоймай, бізге пана берген қазақтардың да ұлттық ерекшеліктеріне құрметпен қараймыз», - деді «Ахыска» месхетин түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы Зиятдин Касанов.