Алматыда Ұлттық инженерлік академия төралқасының кеңейтілген мәжілісі өтіп жатыр

; АЛМАТЫ. Маусымның 25-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Республикадағы инженерлік-техникалық кадрларды дайындаудың қазіргі жүйесі уақыт талабына сай келмейді.
None
None

Бұл жайлы бүгін Алматыда өтіп жатқан Ұлттық инженерлік академия төралқасының кеңейтілген мәжілісінде айтылды.

Оған ғалымдар, инженерлер, жоғары оқу орындарының және ірі өнеркәсіп мекемелерінің басшылары қатысуда. Мәжілісте еліміздің экономикасына, жоғары технология салаларына жастарды тарту, Үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарламаның іске асуы және инженерлік кадрларды даярлау мәселесін талқыланып жатыр. Өйткені ҚР Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының шеңберінде жаңа кәсіпорындар құрылуда. Бұл ең алдымен индустриялық-техникалық мамандықтарды қажет етуде.

ҚР Ұлттық инженерлік академиясының президенті Бақытжан Жұмағұловтың айтуынша, қаржылық және материалдық қорларды тиімсіз қолдану ағымы әлі сақталуда. Осыған орай қажетті мамандарды дайындау жүйесін, мамандарды даярлау орталықтары мен жаңа кәсіпорындардың жетекшілерінің мүдделерін бір жерге тоғыстыру қажеттігі туындап отыр. Инновация және жоғары технологиялық өндірістік менеджерлерді, инженерлік-техникалық кадрларды мақсатты әзірлеу жүйелерінде бақылау мен маркетинг жетіспеуде. Сондықтан олар мәжіліс соңында орта, арнаулы және жоғары оқу орындарын бітірушілер мен Қазақстаның барлық жастарын инженер мамандығын таңдауға шақыратын үндеу қабылдамақ.

Соңғы жаңалықтар