12:54, 28 Ақпан 2009 | GMT +5
Алматыда ұлттық компаниялар мен оларға тауар мен қызмет түрін ұсынушы кәсіпорындар өзара ықпалдастық туралы меморандумға қол қойды
АЛМАТЫ. Ақпанның 28-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Премьер-Министрдің орынбасары Өмірзақ Шөкеевтің Алматы қаласындағы жұмыс сапары кезінде ұлттық компаниялар мен оларға тауар мен қызмет түрін ұсынатын өндіріс орындары арасында өзара ықпалдастық туралы меморандумға қол қою рәсімі жасалды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Онда 11 компания мен Көлік және коммуникация министрлігі арасында 6 келісімшарт жасалды. Мәселен, «Логиком» мен «Қазпошта» АҚ 643 миллион теңгенің, «Белкамит» пен «ҚазТрансОйл» АҚ 500 миллион теңгенің меморандумына қол қойды. Ал «Асфальт-Бетон» ЖШС-і мен ҚР Көлік және коммуникация министрлігі 3 миллиард теңгенің, «Сайман» мен «Самұрық-Энерго» АҚ 10 миллиард 317 миллион теңгенің көлеміндегі келісімшартын жасады. Ынтымақтастық туралы мұндай меморандумдар «Қазақстан темір жолы» мен «Алматы ауыр машина жасау зауыты», «ҚазАтомӨнеркәсіп» пен «МашДәнекерлеу» ЖШС-і арасында да жасалды.