Алматыда «Ұлттық мәдениет және өнер» форумы өтеді

АЛМАТЫ. Қарашаның 24-і. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда   Қ. Қожамияров атындағы Республикалық ұйғыр театрында желтоқсан айының 11-і күні  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Ұлттық мәдениет және өнер» форумы өтеді,

Алматыда «Ұлттық мәдениет және өнер» форумы өтеді

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталмыш шара  Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен, «Этнос-Форум» қоғамдық қоры және «НефтеГазДем» зейнетақы қорының ұйымдастыруымен өтпек.

Форумның негізгі мақсаты этносаралық қарым-қатынасты нығайту және көркемөнерпаздар ұжымдарының шығармашылық белсенділігін арттыру. Форум аясында этно-мәдени орталықтарының қатысуымен шығарылған күнтізбелердің тұсаукесері болады.