Алматыда «Ұлттық заң және БАҚ туралы халықаралық стандарттар» атты жобаның таныстырылымы болды
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ақпараттық кеңiстiктiң дамуы демократиялық қоғамның негiзгi белгiлерiнің бiрі болып табылады. Қазақстан Республикасы тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін Заңда адамның және азаматтың негізгі құқықтары, соның ішінде ақпараттарды тарату және бұқаралық ақпарат саласындағы құқықтары туралы жазылған. БАҚ саласындағы Қазақстанның заңдылығына халықаралық және ұлттық үкіметтік емес ұйымдардың, ЕҚЫҰ сарапшылары тарапынан берілген сыни көзқарастар баршылық.
2009 жылдың желтоқсан айынан бастап Қазақстан қылмыснамалық қауымдастығы Еуропалық кеңестің қолдауымен аталмыш жобаны іске асыруда.
«Жобаның негізгі мақсаты - ҚР ұлттық заңын зерттеу және халықаралық стандартты сәйкестігін салыстыру үшін сараптамалық материал дайыдау. Нақты тапсырма Қазақстан Республикасы аймақтарындағы барлық тілшілермен жұмыс барысында кездесулер өткізу, өткен кездесулердің қорытындысы бойынша БАҚ туралы балама заң жобасын және халықаралық стандарттарға үйлесімін келтіру жолдарын табу», дейді аталмыш қауымдастықтың атқарушы директоры Инна Буянкина.
Бұл жобаның жұмысы екі жылға жалғаспақ.