Алматыда ұлы балерина Галина Уланованың туғанына 100 жыл толуына арналған салтанатты концерт өтті

/strong>Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Кеше Алматыда Мемлекеттік Абай атындағы опера және балет театрында ұлы балерина Галина Уланованың туғанына 100 жыл толуына арналған салтанатты концерт өтті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кеш Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен, Қазақстан хореографтар одағы, Абай атындағы опера және балет театры, А. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі және ҚР Шығармашылық конфедерация одағының ұйымдастыруымен өтті.

Концерт барысында барлық өнер сүйер қауым, еліміздің шығармашылық қоғамдары балеринаға деген ыстық ықыластары мен терең құрметін білдірді.

«Галина Уланова - Қазақстанда ғана емес, әлемнің мәдениет және өнер тарихында өзіндік есте қалар ізін қалдырған ХХ-шы ғасырдың ең зор балеринасы. Ол Қазақстан балет өнерінің дамуына үлкен зор ықпал еткен адамның бірі. Бүгінде оның билеу, өнер көрсетуі, орындау шеберлігі - Қазақстан хореографиясында ғана емес, әлем балетінің эталонына айналды. Ұлы Отан соғысы кезінде Галина Уланова Алматы хореографиялық училищесінде балет курсында оқитын жоғарғы сынып оқушыларына дәріс оқып, шеберлік сыныптар өткізді. Мен осы орайда, Галина Уланованың хореография училищесінің дамуына үлкен үлес қосқанын айтқым келеді. Қазіргі күні бұл оқу орны- Орталық Азиядағы алдыңғы қатардағы оқу ордасына айналды. Мен ұлы балерина туралы естелік ұрпақтан ұрпаққа жалғаса береді деп ойлаймын. Бүгінгі концертте жас балет әртістері осы сахнада кезінде Галина Уланова өнер көрсеткен қойылымдарды қойғанына қуаныштымын», деді ҚР еңбек сіңірген қайраткері, А. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің көркемдік жетекшісі, ҚР құрметті білім қызметкері Майра Қадырова.

Ұлы балерина 1910 жылы қаңтар айының 8-і күні Санкт-Петербург қаласында Мариинск театры балет әртістерінің отбасында дүниеге келген. Ол 1928 жылы Ленинград қаласындағы хореография училищесін бітірген. Қызмет жолын С.М.Киров атындағы опера және балет театрында бастаған ол театр сахнасында алғаш рет «Спящая красавица», «Лебединое озеро» қойылымдарында тұңғыш рет өнер көрсетті. 1960 жылы желтоқсан айының 29-ы күні Үлкен театрда «Шопенина» балетіме сахнаға соңғы рет шығып, көрермендермен қоштасты. Одан кейін ол осы театрда 30 жылдан астам уақыт педагог-репетитор болып қызмет жасады. Галина Уланова 1942-1944 жылдары Абай атындағы опера және балет театрының алдыңғы қатарлы балеринасы бола жүріп, Б. Асафьеваның «Бахчисарайский фонтан», А. Адананың «Жизель» және П. Чайковскийдің «Лебединое озеро» балет қойылымдарының бастамашысы болған. Осы партияларда басты рөлдерде өнер көрсеткен болатын.

1944 жылы Галина Улановаға Қазақ ССР-нің Халық әртісі деген құрметті атағы берілді. Ол соңғы рет Алматыға 1995 жылы келіп, ел призиденті Н.А. Назарбаевтың қатысуымен өткен, классикалық биден І-ші "Дәстүр сыйлығы" Халықаралық фестивалін ашқан болатын. Елбасы сол сапарда Галина Уланованы "Парасат" орденімен марапаттады.

Ұлы балерина 1998 жылы наурыздың 21-інде дүниеден өтті. Ол Ресейде Новодевич зиратында жерленген.

Соңғы жаңалықтар