Алматыда «Ұлы дала – көшпенділер әлемі» этнофестивалінің бірінші күні қалай өтті

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- «Ұлы дала – көшпенділер әлемі» этнофестивалінің алғашқы күнінде алматылықтар көшпенділердің жауынгерлік ойындарын, ат спорттық және айтыс өнерін тамашалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала тұрғындары мен қонақтары көшпенділердің жекпе-жек ойындары, ат спорты өнері, садақшылар арасындағы жарыс, дәстүрді дәріптеушілердің көрмесін тамашалады. Сонымен қатар «Боралдай сақ қорғандары» археологиялық саябағында келушілерге ұлттық тағамдар мен қолөнер бұйымдарын дайындау бойынша байқаулар, шеберлік дәрістер өтті.

Фестивальде Әзербайжан, Түркия, Мажарстан (Венгрия), Малайзия, Башқұртстан, Дағыстан, Чувашия, Алтай, Бурятия, Өзбекстан және Қырғызстанның үздік этномузыканттары мен спортшылары өнер көрсетті.

Сондай-ақ фестиваль қонақтары ұлы дала көшпенділерінің ежелгі мәдениеті мен дәстүрлерін тамашалады. Ол үшін саябақ аумағында 50 киіз үй тігілді. Этноауылда, қазақтың дәстүрлі алтыбақаны орнатылған.

Айта кетейік, фестиваль ертең де жалғасады. Кіру тегін.

Өтетін орны: Алматы қаласы, Алатау ауданы, «Боралдай сақ қорғандары» археологиялық паркі.

Шара өтетін жерге арнайы автобустармен жетуге болады:

1. Орталық стадион;

2. Наталья Сац атындағы театр (Алтынсарин көшесі, 22);

3.Алатау дәстүрлі өнер театры (Момышұлы көшесі жағынан);

4. Алматы-1 теміржол вокзалы (автотұрақ)

Бұған дейін қалалық мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев Алматы күніне арналған мерекелік іс-шаралар қыркүйек айының соңына дейін созылатынын айтқан болатын.

Соңғы жаңалықтар