Алматыда «Ұлы дала ойындары» фестиваліне 150-ден астам адам қатысуда (ФОТО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Алматы қаласының 1 000 жылдық мерейтойлары қарсаңында және «Спорттық Алматы» бағдарламасын дамыту мақсатында ұлттық спорт түрлерінен Республикалық «Ұлы Дала ойындары» фестивалі басталды.
None
None

Алматының орталық ипподромында өтіп жатқан шараға қала әкімі Бауыржан Байбек қатысты.

«Бүгін Алматыда Елбасының тапсырмасы бойынша ұлттық құндылықтарды насихаттау, ұлттық сананы дамыту мақсатында «Ұлы дала ойындары» өткізіліп жатыр. Бүгінгі таңда елмізде ұлттық спорт түрлерімен айналысып жатқан адамдардың саны 280 мыңға жуықтайды. Ал олардың ішінде 2 000-нан астамы - алматылықтар. Яғни, олардың саны жылдан жылға артып келеді. Бүгінгі фестивальге қатысушылар 8 ұлттық спорт түрі бойынша бақ сынасады. Қатысушыларға сәттілік тілеймін», - деді өз сөзінде Б. Байбек.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жобаның басты мақсаты - мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру, ұлттық спорт түрлерін дамытып, Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымағын нығайтуға күш салу.

Республикалық «Ұлы дала ойындары» жобасында ұлттық спорттың 8 түрі бойынша жарыс өткізілуде. Атап айтқанда, 25 шақырымдық аламан бәйге, көкпар сайысы, аударыспақ, теңге ілу, қыз қуу, тоғызқұмалақ, асық ату ойыны, жамбы ату түрлерінен бәсеке ұйымдастырылса, осы мерейлі мерекенің көрермендері іс-шара барысында қолына құс қондырған құсбегілердің де еркін қимылын тамашалай алады.

Республикалық «Ұлы дала ойындары» жобасына қатысатын командалар үлкен сыннан өтіп, осы дүбірлі додаға жолдама алып отыр. Қазақ елінің тұңғыш астанасы болған Орынбор қаласының, екінші астанасы Қызылорда қаласының, сондай-ақ, қазіргі таңда бұқара арасында «Оңтүстік астана» атауымен мәлім Алматы қаласының, қазіргі елордамыз Астана қаласының құрама командалары қатысуда. Барлығы 150-ден астам қатысушы өз шеберліктерін паш етеді.
null null null

Соңғы жаңалықтар