Алматыда «Ұлы Дала жыраулары» тақырыбында конференция өтеді

АСТАНА. 5 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда 2012 жылдың қазан «Көшпенділер атамұрасы» халықаралық қоғамдық қоры, Әуезхан Қодардың зияткерлік клубымен бірлесіп, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Мәдени мұра» бағдарламасының аясында «Ұлы Дала Жыраулары» атты тақырыпта конференцияны өткізеді.
None
None

Бұл туралы «Көшпенділер атамұрасы» халықаралық қоғамдық қорының баспасөз қызметі хабарлады.

«Жырау» сөзін орысша жазғанда, оның көпше түрі жоқ. Және бұл дұрыс. Өйткені, әрбір ақын - қайталанбас құбылыс. «Жыраулар поэзиясының ерекшелігі: оның қазақ халқының қуатты эпикалық дәстүрінде авторлық, жекетұлғалық болуында. Алайда жүз бұраумен бір-ақ нәрсе жөнінде, Ұлы Даланың ұлылығы турасында жыраулар поэзиясы толғаған дала философиясы ғылыми әлемге ол 19 ғасырдан мәлім, бірақ осы күнге шейін дұрыс ашылмаған. Бәлкім, оны енді әлемдік мәдени қауымдастыққа ашатын кез келген шығар? Және мұны қазақтың өзі жасамаса, кім жасайды?», - делінген баспасөз баянында.   

Соңғы жаңалықтар