Алматыда Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне мерейтойлық естелік медальдар табысталды
АЛМАТЫ. Наурыздың 29-ы. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматының Медеу аудандық әкімшілігінде аудан әкімі қазақстандық ардагерлерге Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65-жылдығы құрметіне арналған ескерткіш мерейтойлық медальдарды салтанатты түрде табыс етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аудан әкімі Махамбет Бейдалы ардагерлерді айтулы оқиғамен құттықтап, зор денсаулық пен ұзақ ғұмыр тіледі.
Марапаттау рәсімінің соңында барлық ардагерлерге бағалы сыйлықтар табысталды.