Алматыда Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған ғылыми-теориялық конференция өтті

АЛМАТЫ. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат / Әділет Мұсахаев / - Бүгін Алматы қаласының ардагерлер кеңесі, «Нұр Отан» ХДП мен Абай атындағы ҚазҰПУ бірігіп «Кеңес халқының 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы жеңісі және қазіргі кезең» тақырыбында ғылыми-теориялық конференция өткізді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шараға қатысушыларды Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов Ұлы Жеңістің 65 жылдығымен құттықтап, осы мерекеге орай атқарылып жатқан істерге тоқталып, майдан ардагерлерінің пәтермен қамтамасыз етіліп жатқанын айтып өтті.

«2005 жылы Жеңістің 60 жылдығын тойлаған уақытта кезекте тұрған барлық ардагерлерге пәтер кілтін берген болатынбыз. Ал 2005-2010 жыл аралығында 281 ардагер кезекке тұрған. Осы кезге дейін олардың 123-і кезекте қалған болатын, биылғы Жеңіс күніне орай олардың барлығы пәтерге ие болады. Алматы қаласына ардагерлердің көптеп қоныс аударуына байланысты пәтер кезегіне тұру жалғасып келеді», дейді С.Сейдуманов.

Сондай-ақ ол Мәскеуде өтетін шеруге үкіметтің қаулысы бойынша Алматы қаласынан 2 ардагер, Астана қаласынан 15 адам баратындығын жеткізді.

«Биыл сонымен қатар Бауыржан Момышұлының 110-жылдығы. Биылғы Ұлы Жеңіс күнін атап өткен соң 28 панфиловшылар саябағында Халық қаһарманына арнап ескерткіш орнатылады. Оған мемлекеттік бюджеттен 45 миллион теңге бөлініп отыр», дейді Серік Сейдуманов.

Соңғы жаңалықтар