Алматыда Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған көрме ашылды

АЛМАТЫ. Сәуірдің 28-і. ҚазАқпарат / Әділет Мұсахаев / - Аталмыш көрмені Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайы мен ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұйымдастырып отыр,

Алматыда Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған көрме ашылды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығы Қазақстан үшін ғана емес, бүкіләлемдік қауымдастық үшін маңызды оқиға.

Сұрапыл соғыста қаза тапқандарды еске алуға бағытталған көрме ҚР ҰҚК Әскери институтының ғимаратында өтуде.

Көрмеге Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайы қорынан отыздан аса кескіндеме және графика туындылары қойылған. Сонымен қатар көрмеге Ұлы Отан соғысының ардагерлері - майдангер-суретшілердің туындылары мен соғыстан кейінгі жылдары жасалған дүниелері қойылған.

Бұл туындылар соғыс жылдарының шежіресі сияқты. Мұражай қорының соғыс тақырыбындағы үздік дүниелері көптен күткен Ұлы Жеңіс оқиғаларын адамдардың мәңгі есінде қалдырады.