Алматыда Универсиада-2017 нысандарының қауіпсіздігі тексерілді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қысқы Универсиада-2017 нысандарына қауіпсіздік тұрғысынан тексеру жүргізілді. Бұл туралы бүгін Алматы қалалық тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі департаменттің баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

«Алматыда адам өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға төнуі мүмкін қауіп-қатерлерді болдырмау мақсатында Алматы қаласы әкімінің тапсырмасын орындау үшін, Қысқы Универсиада-2017 нысандарында радиологиялық және токсикологиялық қауіпсіздік бойынша зертханалық-аспаптық зерттеу жүргізілді.   Медеу ауданындағы 3000 мың орындық Мұз аренасы мен 12 000 мың орындық Мұз сарайы және 5000 орындық атлетикалық қалашықтағы тексеру жұмыстарын Алматы қаласының тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі департаменті және «Ұлттық сараптама орталығы» РМК жүргізді», - делінген хабарламада.     

Жүргізілген зертханалық-аспаптық зерттеулер, яғни дозиметрлік бақылау, бөлмелердің ауасында радон құрамы мен оның ыдыраған өнімдерінің мөлшері, құрылыс материалдары мен басқа да бұйымдардың радиоактивтік деңгейі өлшенді. Зерттеу қорытындысы бойынша олардың Қазақстан Республикасының нормативтік құжаттарының талаптарына сай екендігі анықталды. 

Соңғы жаңалықтар