15:37, 07 Наурыз 2012 | GMT +5
Алматыда университет басшылары ән салып жүр
АЛМАТЫ. 7 наурыз. ҚазАқпарат - Алматыдағы Өмірбек Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында «Барлығы сіздер үшін, арулар!» деп аталатын кеш өтті.

Онда университет ректоры Ғалым Мұтанов Шәмші Қалдаяқовтың «Бақыт құшағында» әнін, ал проректорлар тобы «Ах, эта девушка» әнін шырқады. Факультет декандары мен орынбасарлары да өздерінің жаңа қырынан танытып ән салып, би билеп, композициялық қойылымдар қойды. Ал Ақсақалдар кеңесінің мүшелері әйелдерге арналған жырларын оқып, студенттер қауымы өкілдері және «Салтанат» би ансамблі мен «Қайнар» квартеті сияқты өнер ұжымдары мерекелік кештің шырайын келтірді.