Алматыда ұрланған жүк көлігі жол апатына түсті
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жүк көлігінің жүргізушісі жол үстіндегі қоршауға соғылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оқиғаға куә болғандардың айтуынша, жүк машинасы Розыбақиев көшесімен солтүстік бағытқа қарай бет алып келе жатқан. Кенеттен рульге ие бола алмай қалып, жолды бөліп тұратын қоршауға барып соғылған.
Кейін анықталғандай, жүк көлігі ұрланған болып шықты. Жол апатынан ауыр зардап шеккен жүргізуші ауруханаға жеткізілді.
Полиция қызметкерлері оқиғаның өзге мән-жайларын анықтауда.
