Алматыда ұрлықпен айналысқан Өзбекстан азаматы ұсталды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ұялы телефон ұрлаған Өзбекстан азаматын полиция ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісің. Ер адам Түрксіб ауданындағы Шолохов көшесінде ұсталды.
«№2 автобусқа кірген кезде ер адам бір жолаушы қыздың сөмкесінен ұялы телефонын ұрлап кеткен. Полиция ұрыны алысқа ұзатпай ұстады. 45 жастағы еркек Өзбекстан азаматы болып шықты. Белгілі болғандай, ол Қазақстанда заңсыз тұрып жатқан. Онымен қоса, №29 автобуста тағы бір ер адам жолаушының құжаты мен ақшасы салынған әмиянын қолды етпек болғанда ұсталды. 38 жастағы ер адам Алматы облысының тұрғыны болып шықты», - деді қалалық ІІД криминалды полиция басқармасының басшысы Есен Ысқақов.
Оның айтуынша, қазіргі таңда ІІД-де аталған екі дерек бойынша ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталған.