Алматыда үш әйел сауда дүкенін жылытпақ болып, керосин буына уланып қалды
АСТАНА. Тамыздың 28-і. ҚазАқпарат - Алматыда жұмаға қараған түні сауда дүкенін жылыту үшін дизель отынын пайдалану кезінде үш әйел керосин буына уланып қалды,
деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінен.
«Сағат 03.24-те Түркісіб ауданында дүкенді жылыту үшін дизель отынын пайдалану кезінде 1962, 1986 және 1991 жылы туған үш әйел керосин буына уланып, ауруханаға түсті», делінген министрліктің ресми хабарламасында.