Алматыда үш көлік соқтығысып қалып, оқиға салдарынан екі адам қаза тапты
АСТАНА. Мамырдың 19-ы. ҚазАқпарат - Алматыда үш автокөлік соқтығысып қалды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. Кеше, мамырдың 18-інде таңертең сағат 10-дар шамасында Гагарин және Жамбыл көшелерінің қиылысында үш шетелдік көлік соқтығысып қалды. Жол-көлік оқиғасының салдарынан автокөліктердің бірінің жүргізушісі мен бір жаяу жүргінші оқиға орнында қаза тапты, ал басқа көліктің жүргізушісі жарақатпен ауруханаға түсті.