Алматыда үш күндік «пәтер» жедел сауықтыру шарасы аяқталды

АЛМАТЫ. Сәуірдің 16-ы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Алматылық полиция қызметкерлері үш күндік «пәтер» жедел сауықтыру шарасын аяқтады,

Алматыда үш күндік «пәтер» жедел сауықтыру шарасы аяқталды
деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық ІІД-інің Тіл саясаты және ақпарат басқармасына сілтеме жасап.Үш күндік шара пәтер тонау мен осыған қатысты ұрлықтарды ашу мақсатында ұйымдастырылды. ІІД Криминалдық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Амангелді Шідерқұловтың айтуынша, шара барысында пәтер ұрлығымен айналысушылар және олар туралы ақпарат жинауға баса назар аударылды. 8 қылмыстың ізі суымай ашылса, бұған дейін жасалған 18 қылмыс анықталып отыр.