Алматыда үш скверде қайта қалпына келтіру жұмыстары аяқталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Қала күніне орай Мақатаев, Махаббат атындағы және 12 шағынаудандағы саябақтарды жөндеу жұмыстары аяқталды.

Аталған жобалар «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, Әуезов ауданының 12-ші шағынауданындағы саябақ аумағында сыртқы жарықтандырудың 50 құрылғысы орнатылып, аумаққа газон отырғызылды.

Алмалы ауданында орналасқан Мақатаев атындағы саябақ аумағы 4,8 мың шаршы метр болатын учаскені көгалдандыру бойынша жұмыстар жүргізілді. «Махаббат» сквері де Алмалы ауданының аумағында орналасқан, мұнда да осыған ұқсас жұмыстар аяқталды.

Жалпы, қала тұрғындарының қолайлы демалысы үшін қажетті жағдайды жасай отырып, аталған жобаларды жүзеге асыру қаланың инфрақұрылымын жақсартуға мүмкіндік береді.

«Саябақ - шығармашылық интеллигенцияны, жас ақындар және жазушыларды тартатын орынға айналуы тиіс. Осы орынның атмосферасы шығармашылыққа шабыттандыратындай жағдай жасалуы керек деген міндет қойдым»,- деген болатын Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Сонымен бірге, аталған жобалар жұмыс орындарының құрылуын қарастырады. Мегаполисте «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша инфрақұрылымдық 214 жобаны жүзеге асыру үшін 26 мың жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда. Сол арқылы қызметкерлердің кемінде 50 пайызын халықты Жұмыспен қамту орталықтары арқылы қамтамасыз ету көзделген.


Соңғы жаңалықтар
telegram