Алматыда үш жасар баланы жүк көтергіш көлік қағып, мерт қылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 28 панфиловшылар саябағында үш жасар баланы жүк көтергіш ауыр көлік басып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, бұл дерек Медеу аудандық полиция басқармасында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 104-бабы «Абайсызда өлімге әкелу» бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

«Өкінішке орай, үш жасар бала алған жарақаттарынан оқиға орында көз жұмды. Арнайы техниканың рулінде 1970 жылы туған У. есімді азамат болған. Тергеу басталды», - деп хабарлады полициядан.

Оқиға саябақтағы шіркеу маңында болған. Сол ауданда аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Соңғы жаңалықтар