Алматыда үш жұмысшы топырақ үйіндісінің астында қалып, мерт болды - ТЖМ
СТАНА. Қазанның 25-і. ҚазАқпарат - Алматы қаласында коммуникациялық құбырларды төсеу барысында үш жұмысшы топырақ үйіндісінің астында қалып, мерт болды.
Бұл туралы Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлады.
Оқиға өткен сенбі, қазанның 23-і күні кешкі сағат 8-де, Әуезов ауданындағы Райымбек пен Ясауи көшелерінің қиылысында орын алды.
«Ернұр» ЖШС-ның 22, 32 және 50 жастағы жұмысшылары алған жарақаттардан сол орында көз жұмды.
Төтенше жағдайды жоюмен «РОСО» Мемлекеттік кәсіпорнының 5 адамы мен 3 техникасы, Алматы қаласы бойынша ТЖД өртке қарсы құрылымының 18 адамы мен 4 техникасы айналысты.
Азаматтардың денелері үйінді астынан шығарылды.