«Алматыда ұшақтан өрт шықты» – Авиация комитеті түсінік берді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Кейбір БАҚ беттерінде Алматының әуежайында ұшақтан өрт шықты деген ақпарат тарады. Азаматтық авиация комитеті дерекке қатысты ресми түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматыда ұшақтан өрт шықты» – Авиация комитеті түсінік берді

«Air Astana әуе компаниясының ұшағына қатысты бұқаралық ақпарат құралдарындағы ақпарат бойынша Алматы әуежайында өрттің болмағанын хабарлаймыз.

Алматы халықаралық әуежайының ақпаратына сәйкес, регламенттік жұмыстарды жүргізу кезінде қосалқы күш қондырғысының жұмысынан түтін шыққан», - делінген авиация комитетінің хабарламасында.

Ресми хабарламада айтылғандай, әуежай штаттық режимде жұмыс істеп тұр.