Алматыда ұшақтың жерге соғылып қонуы: Тексеру жүргізілуде

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы әуежайында ұшақ жерге соғылып қонды. Бұл оқиғаға қатысты ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда ұшақтың жерге соғылып қонуы: Тексеру жүргізілуде

«26 шілдеде  SCAT (Sunday Airlines) әуе компаниясының Хургада-Алматы бағытындағы 5038 рейсі ұшағының қонуы кезінде артқы бөлігі жерге соғылған. Қазіргі таңда әуе компаниясы штаттық режимде жұмыс жасап жатыр. Аталған оқиға бойынша құзырлы органдар тексеру жұмыстарын жүргізуде», - деді комитеттен.

Ведомствоның хабарлауынша, ұшақ Алматы әуежайында жергілікті уақыт бойынша 22:48-де сәтті қонды. Бортта 233 жолаушы - 163 ересек, 70 бала, 3 нәресте болған.