Алматыда ұстаз балалар үйі тәрбиеленушілерінің қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Полиция тәрбиеленушілердің қаржысын ысырап қылды деген күдікпен Алматы облыстық балалар үйінің әлеуметтік педагогын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
None
None

Арнайы құрылған жедел тергеу тобы 30 жастағы М. есімді азаматты Тараз қаласында ұстады. Алматы облыстық балалар үйінің әлеуметтік педагогы Алматы қаласына жеткізілді.

Бұл іс ҚР ҚК 189-бабы (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркеліп, күдіктінің ісін қарау Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне берілді.


Соңғы жаңалықтар