Алматыда үстел теннисі орталығы ашылды
«Нұркент» шағынауданында үстел теннисі орталығы ашылды. Орталықтың негізгі залы - 20, жаттығу залы - 8 теннис үстелімен жабдықталған. Залда көрермендерге арналған 328 орын бар. Сондай-ақ 2020-2021 жылдары салынған футбол алаңдарында жаттықтырушылар тегін жаттығулар өткізеді», - деді Ертіс Бесіров.
Спикердің сөзінше, аудандағы Alatau Creative Hub орталығында балалар тегін үйірмелер мен секцияларға қатыса алады.
«Спорт және мәдениет бағыттары бойынша тегін оқытатын 9 аула клубы жұмыс істейді. Ал, «Alatau Creative Hub» мәдени-білім беру орталығы балаларды тегін үйірмелерге қабылдайды»,- дейді ол.
Ертіс Бесіровтың айтуынша, жақында аудан тұрғындарымен спорттық және шығармашылық үйірмелерін ашу үшін мәдениет үйінің ғимаратын сатып алу мәселесі талқыланды.
«Бүгінгі күні меншік иесімен ғимаратты сатып сатып алу үшін құжаттаманы ресімдеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ғимаратты сатып алғаннан кейін Алматы қаласының тиісті басқармаларымен бірлесіп үйірмелер ашу жоспарлануда», - дейді спикер.
Бұдан бөлек, «Шыңға өрлеу» және «Белсенді ұзақ өмір» әлеуметтік орталықтары базасында бірлескен үйірмелер ашу көзделген.
«Сондай-ақ, Алматы қаласы Құрылыс басқармасының тапсырысы бойынша «Нұркент» шағынауданында мектеп жасына дейінгі балаларға арналған инновациялық шығармашылық орталығының, жабық және ашық корттары бар теннис орталығы мен «Зерделі» шағынауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілуде»,- деп атап өтті ол.
Фото: metaratings.tj