Алматыда үй карантинін бұзған 262 адамға айыппұл салынды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда үй карантинін бұзған «қызыл» мәртебедегі 262 адамға айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Ashyq арқылы 14 күндік үй карантинін бұзған 262 алматылық әкімшілік жауапқа тартылды және айыппұл төледі (30 АЕК), оның ішінде бірнеше тұрғын екі рет төледі», - деп хабарлады санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен.
«Қызыл» мәртебедегі адамдар Ashyq жобасы бойынша жұмыс істейтін нысандарға кіргізілмеді.
Құқық бұзушылардың толық тізімін мына жерден табуға болады.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті амбулаториялық ем алып жатқан азаматтарды өзін-өзі оқшаулау режимін бұзбауға және қоғам алдында азаматтық жауапкершілікті ұмытпауға шақырады.
Жұқтырғандармен байланыста болған адамдар да өзін-өзі оқшаулау режимін сақтауы және басқа адамдардың жұқтыруын болдырмау үшін адамдар жаппай жиналатын орындарға барудан бас тартуы тиіс.