Алматыда ұялы телефон сатушыларын 30 млн теңгеге алдап кеткен алаяқ ұсталды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ұялы телефон сатушыларын 30 млн теңгеге алдап кеткен алаяқ ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, өзін ұялы телефондардың бөлшек сатушысы ретінде таныстырған 22 жастағы А.есімді азаматша, көтерме жеткізушілерден мобильді құрылғыларды алып кеткен. Нәтижесінде – телефон да, ақша да жоқ.
«4 жеке кәсіпкер полицияға ресми түрде арызбен жүгінді, олар келтірілген материалдық шығынды 30 миллион теңгеге бағалады. Күдікті ұсталды және ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша қылмыс іс қозғалды. Оның осыған ұқсас эпизодтарға қатыстылығы тексеріліп жатыр. Осыған байланысты, біз азаматтарға өз байланыс нөмірлеріміз туралы хабарлаймыз, сол арқылы басқа да жәбірленушілер тергеушілерге хабарласа алады: 8-708-707-92-02 және 8-705-555-77-63», – деді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.