Алматыда ұйғыр мектептері мұғалімдерінің кездесуі өтті

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 28-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматыда ұйғыр мәдениеті орталығының ұйымдастыруымен ұйғыр мектептері мұғалімдерінің кездесуі өтті.
None
None

Шара қыркүйектің 30-ы күнгі мұғалімдер күніне орайластырылған. Кездесуге Алматы қаласы мен Алматы облысының Талғар, Еңбекшіқазақ аудандарынан 180-ге жуық орта мектеп ұстаздары қатысты. Басқосу барысында оларға арналып мерекелік концерт қойылып, арнайы сыйлықтар табыс етілді.

Соңғы жаңалықтар