Алматыда үйінде жанжал шығарған мас адамға шара қолданылады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы үйлерінің бірінде мас адам жанжал шығарды, әйелі баласын алып, полиция шақыртуға мәжбүр болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда үйінде жанжал шығарған мас адамға шара қолданылады

Алматы қалалық Полиция департаменті бұл оқиға Алмалы ауданындағы үйлердің бірінде болғанын хабарлайды.

«102» пультіне жергілікті тұрғын қоңырау шалып, күйеуі - 1984 жылы туған Р. есімді азамат, қатты мас болғанын, отбасында жанжал шығарғанын, нәтижесінде әйел адам кенже баласын алып, сыртқа шығып, полиция шақыртуға мәжбүр болғанын айтты»,-деді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Есен Ысқақов.

Қазіргі уақытта мас адам ұсталды және полицияға жеткізілді, оның әрекетіне құқықтық баға беріліп, шара қолданылатын болады.

Әйелі болса, күйеуіне қатысты ресми арыз жазудан бас тартты. Полиция басқармасы бастығының айтуынша, бұл тұрмысы нашар отбасы ретінде тіркелген отбасы екен.