Алматыда үйлердің біріне бомба қойылғаны туралы хабарлама түскен

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда тұрғын үйлердің біріне бомба қойылғаны туралы хабарлама жалған болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рolisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.

Алматыда үйлердің біріне бомба қойылғаны туралы хабарлама түскен

«14 қыркүйек күні сағат 23:45 шамасында Медеу аудандық ПБ-ның кезекші бөліміне Алматы қаласының Жамбыл көшесіндегі үйлердің бірінде бомба қойылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Бұл дерек Қазақстан Республикасы ҚК-нің 273-бабында көзделген қылмыс негізінде тіркелді. Оқиға орнына қаланың арнайы және жедел қызметтері жіберілді. Ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ. Тергеу жүргізіліп жатыр», - делінген ресми хабарламада.