Алматыда үздіксіз экологиялық білім беру арқылы экологиялық жағдайды шешу мәселесі талқыланды

АЛМАТЫ. 25 сәуір. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Алматыдағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Қазақстанның Тәуелсіздігінің 20 жылдығына, Чернобыль апатының 25 жылдығына және Семей полигонының жабылуына 20 жыл толуына байланысты «Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің студенттері Ядролық қаруға қарсы» атты дөңгелек үстел өтті.
None
None

Жиын барысында үздіксіз экологиялық білім беру арқылы экологиялық жағдайды шешу, Семей полигонының өткені және келешегі зерттеушілердің көзқарасымен қаралып, видеоролик, Жер анамызды ядролық қарудан қорғау бүгінгі күннің талабы, Қоршаған ортаға әсер етуші геоэкологиялық факторлар, радиацияның адам ағзасына тигізетін әсері, экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған іс- шаралар, Чернобль, АЭС апаты жайлы мәселелер талқыланып, баяндамалар оқылды .

Шараға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің оқытушысы, биология ғылымдарының докторы, профессор Ұлыбритания экологтар қоғамының толық мүшесі Айтқожа Бегалиев, радиациялық гигиена және радиология бөлімінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты Нысанғали Қожахметов, Алматы қаласы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бас маманы Гүлжазира Шабдан Қажпақпарқызы, Тәрбие жұмысы, жастар саясаты және мемлекеттік тілді дамыту басқармасының бас маманы Анар Алимбекова және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің білікті оқытушы-профессорлары қатысып, өз ойларын ортаға салды.

Жиынды аталған ЖОО-ның Тәрбие жұмысы, жастар саясаты және мемлекеттік тілді дамыту басқармасы және география-экология факультеті, экология және қоршаған ортаны қорғау кафедрасы ұйымдастырып отыр.

Соңғы жаңалықтар