Алматыда V «DIDAR» Республикалық жастар кинофестивалі өтеді

/strong>Сәуірдің 14-і. ҚазАқпарат / Әділет Мұсахаев / - Ағымдағы жылдың 16-17 сәуірінде Алматыдағы «Родина» кинотеатрында V «DIDAR» Республикалық жастар кинофестивалі өтеді. Бұл жайында бүгін арнайы өткен баспасөз мәслихатында айтылды,

Алматыда V «DIDAR» Республикалық жастар кинофестивалі өтеді

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Биылғы фестиваль «Жаңа онжылдық - қазақстан жастарының жаңаша серпілісі» ұранымен және VII қысқы Азия ойындарын насихаттау мен Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалық ету құрметіне орай өтпек.

«Осы жылғы шара 18 аталым бойынша өтеді, оның басты төртеуі көркем, деректі фильм, музыкалық клип және анимациялық фильм. Сонымен қатар жеңімпаздарға арнайы мүсінше мен диплом және сыйлықтар дайындадық», дейді жоба авторы Даурен Мұхамеджанов.

«DIDAR» фестивалінің арт-директоры Назира Мұқышеваның айтуынша, конкурсқа 146 жұмыс келіп түскен, оның 86-сы екі күндік шарада көрсетілетін болады. «Еліміздің Семей, Қызылорда, Шымкент, Астана сияқты әр түкпірінен көптеген жұмыстар келді. Осы жылы анимациалық және деректі фильмдердің көптеп келуі бізді қуантып отыр», дейді Н.Мұқашева.

Фестивальді Алматы қаласы Жастар саясаты жөніндегі басқармасы мен «DIDAR» продюсерлік орталығы» қоғамдық қоры ұйымдастырып отыр. Сонымен қатар Алматы қаласы әкімдігі, ҚР Мәдениет министрлігі, Ақпарат және байланыс министрлігі, Білім және ғылым министрлігі мен «Нұр Отан» ХДП қолдау көрсеткен.