Алматыда В. Фесенков атындағы Астрофизика институтында айна диаметрі 1 метрлік телескоп іске қосылды

АЛМАТЫ. Тамыздың 24-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін В.Фесенков атындағы Астрофизика институтының Тянь-Шань расытханасының өкілдері айна диаметрі бір метрлік телескоптың іске қосылғандығын хабарлады.

Алматыда В. Фесенков атындағы Астрофизика институтында  айна диаметрі 1 метрлік телескоп іске қосылды

Обсерваторияның жетекшісі Кеңес Мұратовтың айтуынша, жобаның мақсаты ТШАО телескопының өзіндік автоматтандырылған басқару жүйесін құру, жасау, орнату. Сонымен бірге, телескоппен жұмыс істеуді қашықтан оқыту мен нақтылы қадағалауды оқытудың автоматтандырылған жүйесін қолдану. «Жобаның маңыздылығы сол, қашықтан басқару арқылы қазіргі уқыттағы маңызды мәселе - алыс-жақын кеңістіктегі объектілерді зерттеуге мүмкіндік береді. Жаңа жүйені қолдану біріншіден, телескоптар жұмысының тиімділігі мен тапсырма орындау көлемін арттырады. Екіншіден, оқыту мен ағымдағы жұмысты интернет арқылы алыстан жүргізу, тұтынушылар кеңістігін арттыру және жойылған пайдаланушылардың қайта жұмыс жүргізуіне мүмкіндік туады», деді К. Мұратов.

Құрылғының айна диаметрі 1 м, Ричи Критьен фокусы - 13 м. Бұл телескоптың монтажы 80-ші жылдардың ортасында басталған. Одақтың экономикалық деңгейі құлағаннан кейін және 1990 жылы Германияның бірігуі кезінде оның монтаж жұмыстары тоқтап қалған. Осы күнге дейін оның оптикасы мен механикасы құрастырып қойылған еді.

2009 жылы «Гранит» СКТБ ААҚ макет үлгісін жасау келісімі бекітілді. Бұл мақсатта «Космостық зерттеулер мен техникалардың ұлттық орталығы» 2 млн. теңге қаражат бөлді. «Гранит» СКТБ ААҚ басқару жүйесінің барлық сызбаларын жасап шығарды, PS 232/PS485 ауысым құрылғысын және жекелей блогтарды микробақылағыштар арқылы басқару жұмыстарын жүзеге асырды. Қазіргі уақытта жоспарланған жұмыстардың толық орындалуынан соң телескоптың барлық қызметтері автоматтандырылды. Қабылдау-тіркеу аппаратының жандануы мен ғаламтор желісіне қосылғаннан кейін орнатылған сызба Жердің кез келген нүктесінен бақылау жүргізуге мүмкіндік туғызады.