Алматыда «V Рысқұлов оқулары - Ryskulov Readings» халықаралық ғылыми форумы өтеді

АЛМАТЫ. Сәуірдің 29-ы. ҚазАқпарат / Әділет Мұсахаев / - Алматыда мамырдың 19-21 аралығында «V Рысқұлов оқулары - Ryskulov Readings» атты халықаралық ғылыми форум өтеді,

     Алматыда «V Рысқұлов оқулары - Ryskulov Readings»  халықаралық ғылыми форумы өтеді

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталмыш форумды ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті ұйымдастырмақ.

Оқуларға әлемнің 12 елінен 600-ден аса өкіл қатысады, оның ішінде министрлік пен ведомство басшылары, банк, компания мен мекемелердің, халықаралалық ұйымдардың және Қазақстанда тіркелген шетелдік елшілік өкілдері болмақ.

Сондай-ақ форумға 2006 жылғы экономика саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты, Колумбия университетінің профессоры (АҚШ) Эдмунд Фелпс, ҚР Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ басқарма төрағасы Қайрат Келімбетов, ҚР Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко, сонымен қатар АҚШ, Чехия, Түркия, Ұлыбритания, Франция, Қытай мен Ресей елдерінің танымал экономистері қатысады деп күтілуде.