11:13, 27 Қыркүйек 2021 | GMT +5
Алматыда вакцина салдырғандар саны 900 мыңнан асты
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында бір тәулікте 2872 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«26 қыркүйек күні 2872 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін 1025, II компонентін 1847 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 26 қыркүйек аралығында қалада 943 023 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 851 561 адам екінші компонентін салдырған. Олардың ішінде 117 504 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан.
Қалада 160 пункт жұмыс істеп тұр. 1 028 адамнан тұратын 237 егу бригадасы бар.
«Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді» - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
10: