Алматыда вакцинация бойынша арнайы жоба әзірленді
«Қала әкімінің тапсырмасы бойынша біз қазір көп мөлшерде вакцинаның келуін күтіп отырмыз және оны бөлу бойынша арнайы штаб құрылды. Оған қоса Алматының вакцинациялау жұмысының жоспарын жасап шықтық, оны бүгін қала әкімімен бекітеміз. Вакцинациялау бойынша үлкен жұмыс атқарылды және оған қаланың бизнес қауымдастығы да тартылды. Қазір қаладағы ірі сауда үйлері мен базарларда, мектептерде вакцина салу орындарын ашу мәселесі қаралып жатыр», - деді Лаура Мырзағали.
Алматыда қазір 56 екпе салу кабинеті жұмыс істеп тұр, оның 16-сы жекеменшік ұйымдарда.
Бұған дейін Алматы әкімі қалаға ай сайын 250 мың доза вакцина бөлінетінін айтқан болатын.
Сонымен қатар, сәуір айында мегаполисте 250 вакцина пуктері ашылады.
Қоғамдық денсаулық басқармасы ашылатын вакциналау пункттерін қажетті медициналық жабдықтармен және мамандармен қамтамасыз ететін болады. Ал қаржылық шығындарды есептеуді Алматы әкімдігінің стратегия және бюджет басқармасы жүзеге асырады. Бұдан бөлек, бизнес қауымдастық тасымалдау, сақтау, үй-жай беру және вакциналау пункттерін ұйымдастыруға тегін қолдау көрсетеді.