Алматыда вакцинаға квотаны ұлғайтамыз – әкім
«Қазір ресейлік «Спутник-V» вакцинасын егу жүзеге асырылып жатыр. Ақпанда біз 1750 вакцинаны құрайтын алғашқы партияны алдық. Ақпанда вакцинаның басым бөлігін медицина қызметкерлері екті. Наурыздың басында 10800 доза алынды. Ол медицина қызметкерлері, ұстаздар мен полиция қызметкерлеріне егілді. Қолда бар вакцинаның барлығы іске жарады. Сәуірде вакцинаның ірі көлемі түсуі керек. Бізге бөлінген квота саны 65 мың болды. Бірақ мен кеше Премьер-Министрмен сөйлесіп, 65 мың квота аз екенін айттым. Премьер-Министр бұл сөзіммен келісті. Жақын арада біз квота санын арттырамыз», - деді Сағынтаев.
Сонымен қатар, Алматы әкімі вакцинация бойынша мобильдік бригадалар жұмыс істейтінін айтты.
«Бүгін бірқатар кәсіпкер өз алаңдарын ұсынды. Бұл ұйымдастырылған түрде жүзеге асырылуы керек. Ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Біз қалада жаппай вакцинацияны бастауға дайынбыз. Тек шектеу шараларымен алысқа бармаймыз. Біз бір жыл бойы бұл тәжірибені қолданып келеміз. Карантинге жабамыз, төтенше жағдай жариялаймыз. Бірақ вирус өзгеріп жатыр», - деді қала әкімі.
Сағынтаев вирустана вакцина ғана құтқаратынын жеткізді.
«Тек вакцина ғана құтқара алады. Сондықтан жаппай вакциналауға түсіністікпен қарауға шақырамын. Ұжымдық иммунитет қалыптасса, қалыпты өмірге ораламыз. Осыдан басқа жол жоқ екенін біз ғана емес, бүкіл әлем көріп отыр», - деді Алматы Бақытжан Сағынтаев.