Алматыда велошеру өтеді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Қазақстан тəуелсіздігінің 25 жылдығы мен Алматының 1000 жылдығына орай «Спорттық Алматы» аясында велошеру өтеді.

Алматыда велошеру өтеді

Шеру сағат 8:30-да «Нұрлы Тау» бизнес орталығынан басталады. Шабандоздар Желтоқсан көшесімен төмен түсіп, Абай көшесімен Өтеген батыр көшесіне дейін барады.

Мəре сызығы «Сайран» көлінің шығысында тұйықталады.

Көлік қозғалысының шектелуіне байланысты тұрғындарға жол жүру бағытын алдын ала белгілеп алу ескертілді.