Алматыда велосипед теуіп жүрген қыз аяғынан айырылды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қоқыс таситын көлік Алматыда велосипед теуіп жүрген қызды қағып кетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Куәгерлердің айтуынша, оқиға Лавренев көшесінде болған. Қоқыс таситын «КамАз» солтүстік бағытты бетке алып бара жатқан. Келесі көшеге бұрылып бара жатқан жүк көлігі тротуармен келе жатқан велосипедтегі қызды қағып кетті.
Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметі, ауыр жараланған бойжеткенді ауруханаға жеткізді. Артынан анықталғандай, дәрігерлерге қыздың аяғын кесуге тура келген.
Полицейлер қазір істің себеп-салдарын анықтау үстінде.